Туреханова Айжан Джамбулбаевна 1985 жылы дүниеге келген. 2008 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің емдеу факультетін бітірген. Сол жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интернатурасына түсті. Интернатураны аяқтағаннан кейін Алматы қаласының №3 қалалық емханасында "әйелдер консультациясы" бөлімшесінде акушер-гинеколог болып жұмыс істей бастады. 2015 жылдан 2020 жылға дейін С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да "Акушерлік және гинекология №2 кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. Кафедрада жұмыс істеген уақытында кафедра мәжілістерінің жауапты хатшысы болды. Алматы қаласының орта мектептерінде студенттермен сабақтар және тәрбие жұмыстарын жүргізді. "Гормонды алмастыратын терапияны қолданудың заманауи принциптері", "Гинекологиялық эндокринология", "Тиімді перинаталды күтім", "Акушерия мен гинекологиядағы Инновациялық технологиялар", "Медициналық білім беру әдістемесі"мамандандырулары бойынша циклдар өтті. 2016 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 864 сағат көлемінде "Сәулелік диагностика" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2020 жылдан 2021 жылдың тамыз айына дейін ҚазМҮББУ-де кафедралық қызметкер болып жұмыс істеді. Университетте жұмыс істеген кезінде өзін жағымды жағынан көрсетті. "Акушерлік және гинекология" циклі бойынша шетелдік студенттермен сабақ өткізді. Туреханова Айжан Джамбулбаевна акушер-гинеколог дәрігерінің жоғары біліктілік санаты бар, гинекологиялық науқастар мен жүкті әйелдерді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген. 2021 жылы «Оценка эффективности различных методов лечения бесплодия у женщин с СПКЯ» тақырыбында диссертация қорғап, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі - 7 жыл, жалпы еңбек өтілі – 13 жыл. 7 жарияланым, оның ішінде 6 мақала, 1 тезис. Ағылшын тілін меңгерген-Intermediate.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ
Жоғары
2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0